Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, президент Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңіне кіретінін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, оның тапсырмаларын орындау орталықта және өңірлерде шындап жұмыс істеуді қажет етеді.
“Жолдаудың уақытылы және сапалы жүзеге асырылуы ғана азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруды және экономиканы құрылымдық жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Жолдауда қойылған міндеттер белгіленген мерзімде мүлтіксіз орындалуы тиіс. Үкімет жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастағаны қуантады. Отыруға уақыт жоқ. Барлық министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің басшылары реформалардың тиімді және уақтылы жүзеге асырылуына жеке жауапты болады”, – деп мәлімдеді президент.
Сурет: akorda.kz