Факты истории

Тоқаев Атырау облысының басшысымен кездесті

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмалардың орындалу кезеңдері туралы мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы әкімге мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді және барлық салалық бағдарламалардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ещё в ленте

Все новости