Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 тамызға дейін Арыс қаласында болған оқиғаға кінәлілерді жазалау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Оқиғаның салдары өте ауыр болғандықтан. Ол туралы тіпті айтпаса да болады.Біз оның салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі қирады. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеуде. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне, Қауіпсіздік Кеңесіне барлық кінәлілерді қатаң жазалау жөнінде ұсыныстар енгізгені жөн”, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, төтенше жағдайға кінәлі азаматтық қызметкерлер де жазаланатын болады.
“Соның ішінде аса қауіпті объектілерге жақын жерде құрылыс салуға рұқсат берген азаматтық мемлекеттік қызметкерлер де бар. Бұл жұмысты 10 тамызға дейін шұғыл жүргізу керек, тиісті ұсыныстар беріңіз. Барлық айыптылар қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс және жазалануы тиіс”, – деді Қазақстан Президенті.
Сурет: newstimes.kz