Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары кезінде американдық саясаткерлер және сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы айтты.
Кездесу барысында Тоқаев бүгінгі күні біздің елімізге американдық инвестициялар көлемі 45 миллиардтан астам доллар құрағанын атап өтті. Сонымен қатар, ол американдықтардың назарын ауыл шаруашылығында өзара іс-қимылды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер мен жоғары технологияларға аударды.
Өз кезегінде, америкалық тарап біздің елде одан әрі өзара тиімді серіктестікке мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеді.
Сурет: inform.kz