Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында Tech Garden инновациялық кластерінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапары барысында мемлекет басшысына жоғарыда аталған кластердің аумағында 4 технологиялық зертхана және 50-ден астам IT-компания орналасқандығы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа, инновациялық кластер 284 ұйымды біріктіретінін айтты.Оның ішінде Инновациялық технологиялар паркі” арнайы экономикалық аймағының құрамына кіретін 23 жоғары оқу орны, 25 ғылыми-зерттеу орталығы, 2 технопарк, 1 даму институты, 166 компания” бар, 1 бірлескен инвестициялық қор және 66 ұйым бар.
Инновациялық кластер орталығы аумағындағы жұмыс сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев оның қызметін жоғары бағалап, алдағы уақытта да жұмыста табыс тіледі.
Сурет: astana.gov.kz