Тәуелсіз Мемлекеттер достастығына кіретін елдер шетелдік туристерді тарту мақсатында Өзбекстан мен Қазақстан үшін Silk way визасын енгізуді мақұлдады,деп Өзбек телеграф агенттігі хабарлайды.
Жобаның қолдауын Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының Абдулазиз Аққұлов хабарлады. Бұл туралы ол 9-10 шілде аралығында өткен кездесуде айтты және ТМД елдерінде туризмді дамытуға бағытталған. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қатысты.
“Отырысқа қатысушылар Өзбекстан мен Қазақстанның Silk way режимін қолдану жобасын іске асыру жөніндегі жұмысын назарға алды және қолдады”,-деді Аққұлов кездесу соңында, екі елдің ведомстволары жаңа өнімді іске қосудың ұйымдастырушылық-техникалық сәттерін қарастыратынын атап өтті.
Сурет: kaztag.kz