Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде ТМД-ға мүше елдердің сарапшылары Достастық мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының халықаралық құқықтың рөлін нығайтуға қатысты бірлескен мәлімдемесінің жобасын қарап, пысықтағанын хабарлады.
Бұл жоба бейнеконференцбайланыс режимінде өткен сараптамалық топтың отырысында қаралды және оған ТМД елдерінің сарапшыларынан басқа Достастық атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Құжатта халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін егемендік теңдік қағидатының түйінді мәні расталады.
Сондай-ақ, ТМД мемлекеттерінің Сыртқы істер министрліктері басшыларының бірлескен мәлімдемесінің жобасында қарусыздану бойынша уағдаластықтың қолданыстағы жүйесін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырады.
Сонымен қатар, құжатта терроризмнің алдын алу және онымен күресуде Достастыққа қатысушы елдердің күш-жігерін біріктіру қажеттігі айтылған.
Кездесу барысында ТМД Атқарушы комитеті бірлескен мәлімдеме жобасын қабылдау үшін, ТМД елдерінің барлық сыртқы істер министрліктеріне, соның ішінде Қазақстанға, жіберуге тиіс деген шешім қабылданды.
Сурет: cis.minsk.by