Факты истории

ТМД елдерінің өкілдері халықаралық терроризммен күресті талқылады

Мәскеу халықаралық әскери орталығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының және ТМД-ға қатысушы елдердің терроризмге қарсы орталығының өкілдері мен сарапшыларының консультативтік кездесулері өтті.

Осы кездесулер кезінде елдер өкілдері мен сарапшылар халықаралық терроризмнен туындайтын қауіп-қатерлермен күреске қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымын қарастырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар арасында қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты пікір алмасылды. Сондай-ақ, олар ұжымдық практикалық іс-шаралар кешенін келісіп, сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың бағдарларын белгіледі.

Мұндай консультациялар тұрақты түрде өткізіледі. Олар өзара іс-қимылдың талап етілген нысаны болып табылады және ТМД елдерінің қауіпсіздігіне туындайтын қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етуге бағытталған нәтижелі тетіктерді дамытуға қызмет етеді.

Сурет: mil.ru

Ещё в ленте

Все новости