Ресей астанасында ТМД-ға қатысушы елдердің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғарыда аталған қорды құру туралы айта келе, оның қызметі ғылыми-техникалық даму саласы жобаларын бірлесіп іске асыруға бағытталатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Ресей Ғылым академиясында өткен кездесуге қатысушылар, академияның қызметімен танысып, осы жылдың қыркүйек айында Беларусь астанасында өткен ТМД елдерінің ғалымдары форумының қорытындысын қарастырды.
Отырыс шеңберінде 2019-2020 жылдарға арналған Достастық елдерінің іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастығы кеңесінің төрағасы болып Юрий Балега сайланды
Кездесу соңында іргелі ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысы 2020 жылы өтеді деп шешім қабылдады. Нақты өтетін күні, әзірше, белгіленген жоқ.