ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесі хатшысының орынбасары Виктор Чумаков осы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған Достастық мемлекеттерінің көпжақты әскери ынтымақтастық іс-шараларын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Ресей қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі.
Кеңеске ТМД-ға мүше елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының, халықаралық әскери ынтымақтастық органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар кеңес жанындағы үйлестіру комитеттері өткізетін отырыстарды, бірлескен жаттығулар мен оқу-әдістемелік жиындарды дайындауға қатысты мәселелерге назар аударды.
Сондай-ақ Достастық мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволарының өкілдері «Виват, Жеңіс!» Халықаралық байқауына және ТМД елдерінің әскери жоғары оқу орындарының курсанттары арасында өтетін «КТК Достастық-2020 » фестиваліне дайындық мәселелерін талқылады.
Кеңес соңында қатысушылар жоспарланған іс-шараларды дайындау жағдайын шешті, сондай-ақ ТМД елдерінің көпжақты әскери ынтымақтастық саласындағы маңызды құжаттарды әзірлеу тәртібін айқындады.




