Қазақстан Парламентінің депутаттары біздің республикамыздың заңнамасына түзетулерді мақұлдады, оған сәйкес басшылар бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін жауапты болады.
Бұл туралы “ҚазАқпарат” ХАА хабарлайды.
Атап айтқанда, Сенат депутаттары “Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау немесе тиімсіз пайдалану үшін жауапкершілік” 104-1-бабы толықтырылды.
Бұған дейін )азақстан )аржы министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігінің жанынан, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізділігін қарастыратын, Үйлестіру кеңесі құрылатынын айтты.
Қаржы министрлігінің басшысы жаңа мемлекеттік бағдарламаларды мақұлдауда тек тиімді шаралар мемлекет тарапынан қолдауға ұсынылатынын түсіндірді. Мұндай шешім бюджет қаражатының тиімділігін арттыру үшін қабылданды.