Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Тез жою керек! Ғалымдар Талғар ауданындағы қауіпке қатысты дабыл қақты

4 года назад
Тез жою керек! Ғалымдар Талғар ауданындағы қауіпке қатысты дабыл қақты

Талғар ауданында арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар осылай дабыл қағып отыр. Ал улы өнім тұтынған тұрғындар онкология және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Қызылқайрат ауылындағы ғимарат кезінде улы химикат сақталатын қойма болған. Кейін қойма жабылғанымен, мұндағы қап-қап пестицид жойылмаған. Соның салдарынан топырақ пен суға у жайылып,тұрғындарға үлкен қауіп төндіріп келеді дейді ғалымдар. Дабыл қаққан – Генетика және физиология институтының мамандары. Олар химиялық заттардың мұнда оңды-солды шашылып жатқанын анықтапты. Зерттеу жүргізілген Талғар ауданындағы өзге үш ауылда да осындай жағдай. Оған көз жеткізу үшін мамандар қоймаға жақын жерлерден су мен топырақтың сынамасын алған. Сондай-ақ бұл маңда өсірілген жеміс-жидек пен көкөністерді, өрісте жайылған малдың еті мен сүтін де тексерген. Олардың құрамындағы пестицид мөлшердегіден мың есе көп болып шыққан. Десе де жергілікті жұрт бұған мүлдем сенбейді.

Динара Медеуова, Қызылқайрат ауылының тұрғыны:

 

Ешкімде ешқандай шағым болған жоқ. Химия бар қоймадан уланып жатырмыз деген шағым естімедім. Қауіп бар деп ешкім айтқан жоқ, не қауіп екенін өзіміз де білмейміз. Бірақ ауырып, жатып қалған ешкім болмады.

 

Динара Медеуова мұнда отбасымен төрт жылдан бері тұрып жатыр. Жыл сайын ауласында жеміс-жидек пен көкөніс егеді. Әрі олардың мол өнім беретінін айтады. Ауласындағы өнімдерді сататын тұрғындар да бар. Олар ағаштарды жиі залалсыздандырады екен. Сондықтан мұнда өскен алма пайдалы дейді.

Гүлнар Османова, сатушы:

 

Алманы уақтылы өңдемесе болмайды. Өңделген, көрдіңіз бе? Алма керемет. Бәрі тоңазытқышта тұр. Бәрі жақсы алма. Құлпынай піседі, қызанақ, қияр, бұрыш шығады жақында.

 

Улы химия заттар шашылып жатқан аумақта жұрт қаннен-қаперсіз малын да жайып жүр. Ал ғалымдар пестицидтер тез арада жойылмаса, мұндағы халық түрлі дертке шалдығуы мүмкін екенін айтады.

Эрика Жанғалина, Генетика және физиология институтының жетекші ғылыми қызметкері:

 

Пестицидтер су мен топырақта жиналып, сол жердегі өсімдіктерде пайда болады. Сөйтіп адам ағзасына енеді. Соның салдарынан тұрғындарда жүрек-қан тамырлары мен онкология пайда болуы мүмкін. Мұны статистика да көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы 15 жылда Талғар ауданындағы тұрғындардың денсаулығы нашарлап кеткен.

 

Үкімет қоймадағы пестицидтерді жою мәселесін қолға алуы керек дейді. Мамандар Алматы облысында дәл осындай 64 қойма барын анықтаған. Енді олар өзге аудандарда да зерттеу жүргізеді. пестицидтер кеңес заманынан бері сақталып келеді. Бұл химикаттар өсімдіктерді қорғау үшін кезінде кеңінен қолданылған.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстан Ауғанстанмен әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға ниетті

Келесі

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.