NUR.KZ тілшісінің хабарлауы бойынша, 23 қазанда Теміртауда белгісіз адамдар шіркеуден 1 миллион 100 мың теңгеге тең ақшаны және күмісті жымқырып, ұрлық жасады.
Ұрлық түнде жасалды. Белгісіз ұры пластикалық терезені итеріп шіркеудің есеп бөлмесіне түсіп, діни қауымдардың садақаларын ұрлаған.
«Қылмыстық іс ҚК 188 бабы «Бөтен біреудің мүлігін ұрлау» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр. «Теміртау ішкі істерінің барлық жеке құрамы бағдарланды», деп Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарланды.
Шіркеуде ғимарат күзетшімен күзетіледі деп хабарлады. Ол неге естімеді, ұрылар ғимаратқа қалай кіргені анықталуда.