Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирустық инфекцияға тест тапсырды, оның нәтижесі бойынша диагноз расталды. Бұл туралы nur.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Қазір Теміртау әкімі оқшауланды, оны ауруханаға жатқызған жоқ. Ғалым Әшімовтың жағдайын медиктер тұрақты деп бағалады, ол денсаулығына шағымданбайды.
Ашимовта коронавирустың анықталуына байланысты, онымен байланыста болған барлық адамдар тексерілді. Олардың диагнозы расталмады.
Осыған байланысты Теміртсу акімдігі пікір білдірді. Онда жағдай бақылауда екенін, ал қала басшысының міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратынын хабарлады.
Соңғы тәулікте Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 24 жаңа оқиғасы анықталды. Олардың барлығы ПТР-тесттерді өткізу нәтижесінде анықталды.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында коронавирусты жұқтырудың 956 оқиғасы ресми түрде тіркелді, ал Қазақстан Республикасында олардың саны 11571-ға жетті, елде 5757 адам COVID-19-дан емделді.
Сурет: tengrinews.kz