Алматы қаласы әкімдігінде “АлЭС” АҚ-ның ЖЭО-2 көзінде техникалық проблемалар орын алуына байланысты қалада электр қуаты жоқ екенін хабарлады. Бұл туралы “Қазақпарат” ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының қызметкерлері қазір электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
Электриктердің айтуынша, Алматы қаласында жарық бүгін толығымен қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, энергия тиімділігі басқармасының қызметкерлері Алматыда бағдаршамдар жұмыс істей бастағанын айтты.
Сурет: inform.kz