Алматы қаласында 60-тан астам компанияның өкілдері қатысатын персоналды оқыту қызметтерін жеткізушілердің форумы өткізіледі. Іс-шараны ұйымдастырушы “Теңізшевройл”ЖШС. Форум нарықтың мүмкіндіктерін талдауға және әлеуетті жеткізушілерді іздеуге арналған. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
“Әлеуетті өнім берушілер” Теңізшевройл” компаниясының қызметтер мен жұмыстардағы қажеттіліктері туралы алғашқыдан білетін семинарлар мен форумдар біз үшін де, бизнес үшін де өзара байланыстың тиімді әдісі болды”, — деді ТШО компаниясының бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашев.
Ол атап өткендей, бұл кәсіпорын өткізетін бірінші өнім берушілер форумы емес. Өткен жылы компания ақпарат қызметтерін және нысандарды басқару, логистика және кейтеринг қызметтерін жеткізушілердің форумдарын ұйымдастырды. Мұндай формат Нарық мүмкіндіктерін зерттеуге ғана емес, компаниядағы үдерістер туралы ақпараттандыруға да, сонымен қатар жеткізушілермен тікелей B2B форматында сессиялар өткізуге да мүмкіндік береді.
Форумға сондай-ақ Қазақстан Энергетика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ және KAZENERGY қауымдастығының қызметкерлері қатысуда.
Іс-шара аясында “Теңізшевройл” компаниясының сарапшылары өнім берушілерді іріктеу және алдын ала біліктілік беру барысы, кәсіпорын қоятын талаптар мен тренингтік қызметтерге деген қажеттіліктер туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Компанияның адам ресурстарын басқару өкілдерінің айтуынша, қызметкерлерді тұрақты оқыту және дамыту стратегияның бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі уақытта компания штаты 89 пайызға Қазақстандықтардан тұрады. 1993 жылы олар тек 50 пайыз болды. Басшылық құрам арасындағы отандастар үлесі 72 пайызға дейін артты.
Сурет: zakon.kz