Теңіз кен орнында мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында коронавирусты жұқтырудың 90 жаңа оқиғасы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz жаңалықтар ресурсы.
Коронавирустық инфекция Теңізде жұмыс істейтін 83 ер адам мен 7 әйелде анықталды. Барлығы 359 вахташы COVID-19 жұқтырған.
Ауруған жұмысшылармен тығыз байланыста болған 2 мыңнан астам адам қазір Теңіздегі карантиндік стационарларда.
Бұл жерде 80 төсектік қосымша стационар ашылды, оған ауру белгілері жоқ инфекция жұқтырған азаматтарды орналастырады. Қазір 35 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Атырау облысында карантиндік тәртіптің сақталуын бақылайтын жедел штаб Теңізден мердігерлік ұйымдардың 16 мыңнан астам қызметкерін шығарғанын, ал қалған 800 вахташы жақын арада кен орнынан шығарылуы тиіс деп хабарлады.
Сурет: Zakon.kz