Теңіздегі кабельдерді 100 мың долларға ұрлап кеткен. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев есепті кездесуде Атырау облысының “Теңіз” кен орнында жалпы сомасы 100 мың доллар болатын кабельдерді ұрлап кеткенін айтты.
Кейін ол қазір күдікті ұсталып, оның ісі сотқа қарауға жіберілгенін нақтылады.
Сурет: cdni.rt.com