Шығыс Қазақстанда Татарстаннан келген дәрігерлер өңірдегі барлық медициналық мекемелерді аралайды. Бұл туралы “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі хабарлады.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан аймақ әкімінің шақыруы бойынша пульмонологтар, реабилитологтар, инфекционистер және коронавирустық инфекциямен күресуде төрт айлық тәжірибесі бар инфекциялық ковидтік госпитал дәрігерлерін қоса алғанда, он екі дәрігер келгенін атап өтті.
“Сенбі және жексенбі күндері біздің қызметкерлерімізді онлайн-оқыту, Өскемендегі стационарларды аралау жүргізілді. Бүгін таңертең олар жарма және Аягөз аудандарында жұмыс істеді, онда науқастарды емдеу тактикасын анықтайды. Олар облыстың барлық аудандарын аралайды. Семей қаласында қосымша жұмыстар жүргізілетін болады”, – деді Мұхамеджан.
Сурет: inform.kz