Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда Қазақстанға арналған инсулин сатылымы туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінен алынған ақпаратқа сәйкес, Өзбекстан аумағындағы Апидра, Лантус, Виктоза дәрілік препараттары қазақстандық нарыққа арналмаған қаптамаларда сатылуда. Осыған байланысты, Қазақстанда іске асыруға арналған, Өзбекстан нарығында болуы мүмкін жағдайларға қатысты түсініктемелер барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін ұсынылатын болады, – деді Almaty.tv ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Еркебұлан Байтубаев.
Аnhor.uz сайтында Ташкенттің дәріханаларында басқа елдерден, соның ішінде Қазақстаннан әкелінген контрабандалық инсулиннің табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Қаптамаларда қазақ тілінде жазылған таңбалау байқалған.