Тараз қаласының тұрғыны Андрей Мостовщиков әкесінің бақшасын қазып жатып, біздің дәуіріміздің 9-10 ғасырларында жасалған көне артефакт – ыдыс тапты. Құмыраның биіктігі-30 сантиметрден сәл артық, аузының диаметрі – бес сантиметрден көбірек.
Қазақстандық тауып алан көне дәуір мұрасын Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сыйға тартты
Мұражай директоры Ғалия Әлімжанова көне заманда мұндай құмырада ашытылған ылған жүзім шырындарын, сүт және басқа да сүт өнімдерін сақтағанын айтты.
Сондай-ақ, мұражай қызметкерлері, сол қалпында сақталған ыдыстың дайындауы үшін қолданылған материалдың мықтылығына таң қалды. Бұл 9-10 ғасырлардағы қышшылар, жоғары температураларда жақсы күйдіруге болатын , жоғары тұтқырлы саздың құрамын таңдай білгенін дәлелдейді.
Сулет: news.mail.ru