Қазақстанда сайлау – кандидаттар: “Ұлт тағдыры” Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы” ҚБ-дан сайлау алдындағы жарысқа қатысуға үміткер Әміржан Қосанов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсырды және қазақ тілі бойынша емтиханға дайын, деп хабарлайды “Қазақпарат” ХАА агенттігі.
Қосановтың айтуынша, мемлекеттік қызметте жеті жыл жұмыс істеген.
Кандидат барлық қажетті анықтаманы, оның ішінде психикалық денсаулығы туралы, бүгін,27 сәуірде тапсырды
Енді комиссия оның өтінішін екі күн ішінде қарайды. Әзірше Әміржан Қосанов 29 сәуірде өтетін қазақ тілінен емтиханды күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, “Ұлт тағдыры” Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы” қоғамдық бірлестігі мемлекет басшысы сайлауына қатысуға шешім қабылдады. ҚБ мүшелері өз кандидаты ретінде Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты таңдады.
Сурет: Nur.kz