Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты спорт

Тағдырдың сынағына мойымаған қазақ жігіті қалай Азия чемпионы атанды?

7 года назад
Тағдырдың сынағына мойымаған қазақ жігіті қалай Азия чемпионы атанды?

Пара Азия ойындарында ел қоржынына екі бірдей алтын салған 28 жастағы Ержан СәлімгереевSputnik Қазақстантілшісіне сұхбат беріп, спортқа қалай келгенін айтып берді.

Спортшы кішкентай кезінде тоққа түсуінің салдарынан, аяқ қолынан айырылған. Тағдыр тауқыметі жас баланың дене мүшелерін алғанымен, оның армандары одан сайын көбейе түсіпті. Айтуынша, оның спортқа әуестігі әкесінен дарыған.

Студент шағынан бастап жігіт жүзумен айналысып, 2015 жылы Павлодарда өткен жарыстарда екі рет қола, бір рет алтын медаль иеленеді.

Осыдан кейін халықаралық сайыстарда да бой көрсетіп, Берлиндегі Әлем Кубогынан төрт алтын, Джакартадағы Азия Пара ойындарынан екі «алтынды» жеңіп алады.

Ержан түрлі жарыстарға қатысып жүріп, төрешілер тарапынан әділетсіз шешімдер орын алып жататынын да жасырмайды. Мәселен 2018 жылғы Мехикода өткен әлем чемпионатында ол жүзуден жарыс мәресіне алғаш болып жетеді. Алайда әділ қазылар алқасы оны «белгі бермей тұрып жарысты бастап кеттің» деп айыптап, медальсіз қалдырған. Осындай жағдай Джакартадағы Пара Азия ойындарында да қайталаныпты.

«Менің медальдарымды басқалар алып жатқанда қапаланғаным рас. Өйткені жеңіске мен лайықты едім. Өз міндетімді 200 пайызға орындадым», — дейді спортшы.

Өміріндегі қиындықтырға ғана емес, жолында кездескен әділетсіздіктерге мойымай, өз жолымен тура жүретін жігітті достары үлгі тұтатын көрінеді. Тіпті кейбірі оған қарап, спортқа бет бұра бастапты.

Қайсарлығы мен еңбекқорлығының арқасында үлкен жетістіктерге жеткен Ержан халықаралық олимпиададағы ұтысы 20 мың долларды қайда жұмсайтынын жасырмай айтты. Ол өзіне ыңғайлы көлік алып, спорттық протез үшін Колорадода спорттық протез салдырғысы келетінін жеткізді.

Ержан Сәлімгереев небір қиын күн туғанда өзіне қол жұмсауды да ойлаған көрінеді. Алайда спортшы жамандыққа жол бермей, тағдырын жеңе білгені үшін өзін бақытты санайды екен.

«Кейбіреулер менен бақыт деген не деп сұрап жатады. Бұл секундтар мен минуттар – осының өзі үлкен бақыт. Мен тіпті аяқ-қолым жоқ екенін де ұмытып кетемін», — дейді ол.

 

 

Новости СМИ2
Алдыңғы

Жыл соңына дейін қанша адам баспаналы болады

Келесі

Ұлттық тасымалдаушы екі есе арзан ұшуды ұсынып отыр КТК

Ұсынамыз Пост

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат өтеді
спорт

Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат өтеді

30/10/2019 11:26

Қарағандыда келесі жылы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат өтеді,онда әлемнің 20-дан астам елі жарысады. Бұл туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл чемпионат Ресей Саратов қаласында өтті. Онда Қазақстан ерлер құрамасы екінші орынды, жасөспірімдер құрамасы үшінші орынды,...

Тоқаев мәдениет және спорт министрлігі басшысымен кездесу өткізді
Саясат

Тоқаев мәдениет және спорт министрлігі басшысымен кездесу өткізді

05/07/2019 20:57

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу өткізді,деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің ағымдағы қызметі туралы баяндалады. Өз кезегінде Қазақстан Президенті министрге заңды жетілдіру, құқықтық-нормативтік...

Первый президент Казахстана открыл новый спортивный комплекс в Карасайском районе
Саясат

Қарасай ауданында үлкен спорт кешені ашылды

21/06/2019 09:30

Қарасай ауданының Шамалған ауылында бүгін "Үшқоңыр"дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Қонақтар арасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Іс-шарада сөз сөйлеген ол кеңестік дәуірге тас лақтыру мүмкіндігін жіберіп алған жоқ: "біздің балалық шақта спортпен айналысу үшін осындай жағдай болған жоқ. Қазір жастар үшін...

Силачи из Казахстана заняли пятое место на «Евразийских играх» в Крыму
спорт

Қазақстандық спортшылар Қырымда өткен «Еуразиялық ойындарда» бесінші орынды иеленді

17/06/2019 09:54

Севастополь қаласында "Еуразиялық ойындар"бірінші халықаралық күштік экстрим фестивалі өтті. Фестиваль үш күн бойы Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Латвиядан, Беларусиядан, Қытайдан келген ең мықты спортшылар өздерінің қабілеттерін көрсетті. Жарысқа барлығы аталған елдерден екі атлеттен сегіз команда қатысты. Спортшылардың жұптық жекпе-жегінің алаңы Корнилов...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.