Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үстіміздегі жылдың ақпан айында жаппай тәртіпсіздік орын алған Қордай ауданындағы өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады.
Сапарбаевтың айтуынша, Қордай ауданында болған жанжал нәтижесінде Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты елді мекендердегі 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан толығымен зақымдалған.
Сондай-ақ, облыс әкімі Қордайда болған тәртіпсіздік кезінде тағы да 103 нысан зардап шеккен атап өтті. Олар демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді.
Қазір осы ауданда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оларға жұмыспен қамтудың жол картасы мен “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында жиырма бес миллиард теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың соңына дейін елді мекендердегі жұмыс аяқталады деп жоспарлануда.
Өңір басшысы коронавирус пандемиясы жағдайында оның таралуына жол бермеу басты міндет болып табылатынын атап өтіп, осыған байланысты азаматтарды белгіленген карантиндік талаптарды сақтауға шақырды.
“Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан індеттің алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қолданылуы тиіс”, – деп толықтырды Сапарбаев.
Сурет: informburo.kz