Түркия прокуратурасы РФ-ның Түркиядағы Елшісі Андрей Карловты өлтіргені үшін 28 адам, оппозиция басшысы Фетуллах Гюленді қоса алғанда, айыптады. Елшінің өліміне қатысты іс сотқа түсті, деп хабарлайды “Анадолу” агенттігі.
Ол 2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет еткен оппозициялық көшбасшы Фетуллах Гюленнің жақтаушыларымен ұйымдастырылған.
Күдіктілер конституциялық құрылысты бұзды, террорлық ұйымға қатысы бар деп және террор мақсатында кісі өлтіруді жоспарлады деп айыпталуда.
Түрік прокурорлары дипломатқа қастандық жасау түрік-ресей қатынастарына зиян келтіру мақсатында арандатушылық болып табылатынын атап өтті.
РФ-ның Түркиядағы Елшісі Андрей Карлов “Россия глазами турок” фотокөрмесінде 19 желтоқсан 2016 жылы атылды. Шабуыл жасаған Мевлют Мерт Алтынташ полициямен атыс кезінде қаза тапты.