Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Түркия Орталық Азия елдерін «еуропалық интеграцияға» тартуға тырысуда

5 года назад
Турция пытается втянуть страны Центральной Азии в «европейскую интеграцию»

Түркия КСРО ыдырағаннан кейін және қазір араб әлеміндегі түрлі-түсті төңкерістерден кейін Осман империясын қайта жандандыруға үміттеніп отыр. Түркия республикасының көшбасшысы Реджеп Тайып Ердоған Анкара Таяу Шығыс пен Орталық Азия өңірлеріндегі сыртқы саяси мәселелерде шешуші рөл атқаруға тиіс екендігіне барынша сенімді.

Түрік көшбасшысының идеясын жүзеге асыру үшін, Түркі кеңесі және Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі, түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы, ақсақалдар кеңесі және түркі халықтарының дүниежүзілік Ассамблеясы сияқты құрылымдар құрылды. Осылардың көмегімен Анкара біздің аймақтың елдеріне, тарихтан белгілі, Орталық Азия республикаларына ешқандай қатысы жоқ Осман империясын құруды таңып отыр.

Түркия, Батыс сияқты, өзінің ықпалын күшейту үшін Орталық Азиядағы үкіметтік емес ұйымдардың желісін құруға тырысуда. Бұл бағыттағы жұмыс 90-шы жылдардан бері жүргізіліп келе жатқанын ескере отырып, Анкараның жетістіктері бар: Орталық Азия аймағының бірқатар елдерінде түрік лоббиінің тұрақты ошақтары пайда болды.

Сонымен қатар, түрік тауарларының басымдығы жағдайында республика аймақтарында өндірістің тоқтауы қаупі бар. Мұндай сценарий дамыған жағдайда Орталық Азия елдері өсіп-өндіруге жарамды жерді сата бастайды, нәтижесінде республикаларда тек шетелдік фермерлер жұмыс істейтін болады.

Анкараның империялық қуатты қалпына келтіру жоспарларына қайта оралайық. Бір жағынан, Түркия өз НАТО-сын, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан кіретін бірыңғай «Тұран армиясы» арқылы құруға, ал екінші жағынан радикалды исламшылдарды қолдауға тырысуда. Осыған байланысты, Ердоғанның нео-османдық идеясы біздің аймақтағы елдер арасында әлі де қолдау таппай жатыр, өйткені Анкара Осыған байланысты, айтпақшы, Ердоғанның нео-османдық идеясы біздің аймақтағы елдер арасында әлі де қолдау таппайды, өйткені Өзбекстанның бірқатар қалаларында террористік актілер жасаған өзбек оппозиционерлерін Анкара қорғаштағанын ешкім ұмытқан жоқ.

Жалпы, шынын айтқанда «Біртұтас түркі әлемі» жоқ. Біртұтас түркі халқы жоқ, өйткені ғалымдар түріктер деп Алтай тілдері тобына жататын түркі тілдерінде сөйлейтін халықтарды атайды. Түркі қауымдастығы — этникалық және саяси емес, филологиялық, лингвистикалық ұғым. Сондықтан да «біртұтас түркі әлемін» құру туралы сөз қозғауға болмайды.

Бүгінгі таңда Түркия Батыс саясатын таратушы ретінде әрекет етеді және өзінің нео-османдық құрылымдары арқылы, ешқашан сұлтандар империясының құрамына кірмеген, бұрынғы Кеңестік Орталық Азия республикаларын «еуропалық интеграцияға » тартуға тырысуда. Шын мәнінде, пантүркизм идеологиясы — Лондонның Мәскеу мен Пекинге қарсы тұру үшін, аймақтарда жаңа қақтығыс ошақтарын құрып, оларды қоздырып, пайдаланғысы келетін құр қоқан-лоқысы.

Жанболат Шолпанов, саясаттанушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Сурет: stanradar.com

Новости СМИ2
Алдыңғы

Парламент сайлауы: Қазақстанда әділ бақылау туралы Хартия қабылданды

Келесі

Астрахань университетінің ректоры Қазақстанмен ынтымақтастық туралы айтты

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.