Түрік бизнесмендері Қазақстанға коронавирусқа қарсы күресте мемлекетке көмектесу үшін бетперде, қолғаптар, қорғаныс көзілдіріктері мен басқа да медициналық құралдарды жіберді. Бұл туралы inform.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Посылка қазіргі уақытта қажетті мыңдаған заттарды қамтиды. Олардың барлығы Қазақстан ауруханаларына бөлінеді.
Түрік бизнесмендері бүкіл әлем үшін қиын уақытта бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету керектігін айтты.
“Біз бауырлас халықпыз. EDEA Холдингінің қызметкерлері дағдарыс кезінде көмек қолын созуды өз парызы деп санайды. Мен мүмкіндігі бар адамдарды осындай қолдау көрсетуге шақырамын”, – деді түрік кәсіпкері Хусейн Арслан.