Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысының шенеунігіне қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
“Қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасады деген күдікпен Қазығұрт аудандық жер кадастры және Түркістан облысы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ филиалының тіркеу бөлімінің басшысы ұсталды. Ол жер учаскесіне мемлекеттік актіні және үйге техникалық паспорт беру үшін бұрын келісілген 200 мың теңгенің 140 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденді деп күдікті”, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның кінәсінің дәрежесін сот анықтап, түпкілікті үкім шығарады.