Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Бұдан басқа, мемлекет басшысы Арыс қаласындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабардар етілді.
Сондай-ақ, әңгіме барысында Түркістан облысының әкімі мемлекет басшысына Түркістандағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы хабарлады.
Кездесу соңында еліміздің Президенті әкімге бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сурет: akorda.kz