Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Түркістан облысында жолдарды жөндеуге жиырма млрд теңге бөлінеді

5 года назад
Аудан әкімі Қостанай облысында ауылдық инфрақұрылымды жақсарту бойынша жобалардың қалай іске асырылып жатқанын айтты

Жыл қорытындысы бойынша Түркістан облысында 828 нысан, 1,5 мың шақырымнан астам жол мен көше жөнделіп, пайдалануға берілді. Ауқымды жұмыс биыл да жалғасады.

2021 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар көлік жолдарының үлесін 81,4% — ға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңес барысында айтылды, деп ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс бойынша көлік жолдары мен елді мекендер көшелерінің ұзындығы 17 637 шақырымды құрайды. Өткен жылы көлік жолдарын дамытуға бюджеттен 54,8 млрд теңге бөлінді. Облыстық жолаушылар көлігі және көлік жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың айтуынша, биыл бюджеттен жол саласын дамытуға 19,9 млрд теңге бағытталмақ. 156 нысанды немесе елді мекендердің 538 км жолдары мен көшелерін қамту жоспарлануда. Ағымдағы жылы Түркістан қаласының әуежайына көлік жолын, Түркістан — Кентау, Түркістан — Балтакөл, Кентау — Ащысай, Шымкент — Ақсукент, Ақсукент — Қарамұрт, Шымкент — Сайрам, Шарапхана — Жаңабазар бағыттарындағы көлік жолдарын пайдалануға беру күтілуде.

Бұдан басқа, Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар көлік жолдарын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сәуір айында Түркістан қаласының әуежайына апаратын 16,3 шақырым автожол пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда ұзындығы 19 км Түркістан — Кентау жолына орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде тротуарлар, веложолдар салынуда, жарықтандыру тіректері орнатылуда. Сонымен қатар, Кентау қаласынан облыс орталығына қарай 26,6 км кіреберіс жолға жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Түркістан — Балтакөл, Түркістан – Қарнақ — Кентау, Кентау — Ащысай бағыттарындағы 113,2 км көлік жолдары күрделі және орташа жөндеумен қамтылды. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Шымкент — Ақсукент, Ақсукент — Қарамұрт, Шымкент — Көксаек бағыттарында 50 км-ден астам көлік жолдары жөнделуде. Барлық жұмыстар биыл аяқталады. Сонымен қатар, Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарында 50 км-ге жуық жол жөнделуде. Сондай-ақ, осы аудандардың аумағында жалпы ұзындығы 184,6 км болатын 11 жол жаңартылады.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Павлодар облысында есірткінің ірі партиясы жойылды

Келесі

АӨК-ке инвестиция ретінде төрт трлн теңгеден астам қаражат тарту жоспарлануда

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.