Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында табиғи шырын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Зауытта алма, алмұрт, қызанақ, сәбіз шырынының төрт түрі дайындалады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 8 тонна өнімді құрайды.
“Делис” сауда белгісімен алкогольсіз сусындар химиялық қоспасыз дайындалады.
Өндірістік кешен екі гектарды алып жатыр, оның құны 589 млн.теңге. Кәсіпорында 21 адам жұмыс істейді. Шағын зауыт заманауи технологиямен жабдықталған. Алдағы уақытта зауыт басшылығы өнім көлемін бес есеге ұлғайтуды жоспарлап, әлемдік нарыққа шығуды көздейді.
Сулет: abctv.kz