Осы көктемде Түркістан облысында зәйтүн ағаштары отырғызылады.
Жерорта теңізі ағаштарын Түркістан облысының оңтүстігіндегі Жетісу ауданында өсіруге шешім қабылданды. Сондай-ақ, ауданда зәйтүн майын қайта өңдеу және консервілеу зауытының құрылысы басталады. Жобаны Ресей-испан компаниясы жүзеге асырады.
“- Жас зәйтүн ағашы алғашқы өнімді 5-6 жылдан кейін бере бастайды. Орташа есеппен бір ағаштан 20-дан 40 кг-ға дейін жеміс жинауға болады. Жақында біз инвесторларды шақырып, оларға жер учаскелерін ұсындық. Көктемде зәйтүн ағаштарын отырғызып көреміз. Егер жоба табысты болса, онда біздің тұрғындар мақта өсірумен ғана емес, зәйтүн өсірумен де айналысады. Қазақстанда зәйтүн еш жерде өсірілмейтінін айта кетейін “, — деді Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев.
Сарапшылар Қазақстанның оңтүстігі зәйтүн өсіру үшін қолайлы екенін атап өтті.
Сулет: news.mail.ru