Кеше Түркістан облысында жалпы ұлттық сенбілік өтіп, оған аймақ басшысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев белсенді қатысты.
Сондай-ақ, экологиялық акцияға қалалық және аудандық әкімдіктердің шенеуніктері, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, басқарма мамандары, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен ірі кәсіпорындардың өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Сенбілікте әкім орынбасары жұртшылықпен бірге “Арыс-Түркістан” су арнасын тазартты. Іс-шараға қатысушылар облыс аумағындағы барлық өзендер мен көлдердің арнасын ретке келтірді,елді мекендердегі қоқыстарды жинады. Жалпы 1504,6 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, табиғат тазалығын сақтауға бағытталған экологиялық акцияға 397 арнайы техника жұмылдырылды. Осы сипаттағы іс-шаралар болашақта да өткізіледі.