Түркістан облыстық полиция департаментінің полицейлері жедел іс-шаралар барысында есірткі затын заңсыз егумен айналысқан жергілікті тұрғын қолға түсті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Мақтарал ауданының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын марихуана егумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Күдіктіні анықтау және ұстау мақсатында полицейлер қажетті жедел іс-шаралар өткізуге кірісті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша СДТБТ-ны тіркеді. Мақтарал ПБ-нің полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егген Мақтарал ауданының тұрғынын анықтап, ұстады”, – деп хабарлады полиция департаменті.
Полицейлердің айтуынша, тінту кезінде күдіктінің екі түп қарасора мен осы есірткіні өсіруге арналған құралдар табылды.
“Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар өсімдіктің алынған бұталары жалпы салмағы 300 гр-ден асатын сора бұталары болып табылады. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта жазды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірумен қандай мақсатта айналысқанын анықтау үстінде”, – деп хабарлады құқық қорғау ведомствосында.