Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі мақта жинау мәселелерімен танысты.
Жұмыс сапары барысында министр облыста 340 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отырғанын хабарлады, оның 320 мың тоннасы жиналған. Алайда, бүгінгі күні мақтаның бағасына байланысты сұрақ туындады,себебі әлі күнге дейін нақты баға бекітілмеген.
Осыған байланысты Атакент кентінде Ауыл шаруашылығы министрі және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев туындаған мәселені шешу үшін ауданның мақта өңдеу зауыттарының басшыларымен және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оның қатысушылары мақта шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысына осы өнімнің бағасы мәселесін шешу жөнінде ұсыныстар берілді.
Өз кезегінде Сапархан Омаров жоғарыда аталған кездесуде айтылған барлық ұсыныстар қаралып, үкіме