Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшінің екі азаматтық сыбайласы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобының бірлескен күштерімен ұсталды.
Ұсталғандар тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Сондай-ақ, бүгінгі күні әскери бөлім басшылығын қоса алғанда, жекелеген лауазымды адамдардың өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарау үшін жауапкершілігі туралы мәселе қаралуда.
Ағымдағы жылдың 20 ақпанына қараған түні келісім-шарт қызметінің солдаты кіші сержант Абылай Балғынбай өз еркімен кезекшілікті тастап, Түркістан облысының әскери бөлімінен қару-жарақты ұрлап кеткен. Ол сол күні ұсталды.
Кейін интернетте қашып кеткен әскери қызметші 30 дана АК-74, 27 дана 9 мм ПМ (Макаров пистолеті), ак – 420 дана патрондар, ПМ – 48 дана патрондар, травматикалық ПМ – 1 дана, 24 дана патрондар ұрлап кеткендігі туралы ақпарат пайда болды.
Сурет: zakon.kz