Түркістан облысында көші-қон полициясы қызметкерінің заңсыз іс-әрекеті анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК сайты.
Хабарламада Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері М. Жұмаділовтың заңсыз іс-әрекеті анықталғаны және оның жолын кесу туралы айтылған.
Жұмаділов 7 желтоқсанда облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен Өзбекстан азаматының тұруға ықтиярхатын ресімдеуге көмек көрсеткені үшін 260 мың теңге алған кезде қолға түсті.
25 ақпан күні Мақтаарал аудандық соты ұсталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (“алаяқтық”) кінәлі деп тауып, оған 2 миллион 600 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Сурет: РИА