Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

4 года назад
Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ үй жобасы ретінде жұмыс жүргізу тапсырылыпты. Осы мақсатта, әкімдік ғимараты электрондық сауда саттыққа қойылған. Және алғашында әкімдік ғимаратын сату жұмыстары «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүргізіледі деген ой болыпты. Бірақ кейіннен шешім өзгеріп, нысан электронды аукион арқылы сатылымға қойылған. «Ғимараттың бағасын шығару әкімдіктің құқығы емес, арнайы мекеменің құзырында. Сол бойынша ғимараттың бағасын шығарған болатын. Оның үстіне ғимаратқа 2018 жылы 257 млн көлеміндегі жөндеу жүргізілген, сол баға бойынша қосылған және де ол ҚР Қаржы министрлігіне қарасты веб порталға енгізілген еді. Ол жердегі сатып алушы да, сатып алуға қатысушы да және де оның бағасын да қадағалайтын әкімдік емес. Жалғыз сол портал арқылы нарықтық жүйемен жасалады»,-деді Рашид Аюпов.
Сонымен қатар шенеунік аукцно кезінде порталға кімнің тіркелгені көрінбейтінін алға тартты. «Ұсынылған бағадан бір тиын да төмен түскен жоқ. Сондықтан да Прокуратураның айтқанына біз келіспейміз, сол себепті бірінші келісім шартты бұзу туралы шешім шыққанымен, біз ары қарай апелляциялық сотқа шағым жаздық. Біз ары қарай да соттасатын боламыз. Өйткені, бір қызығушы адам алмады деп сатып алушының артынан қудалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын», — деді Түркістан қаласының әкімі. Еске салсақ, бұған дейін отандық арналардың бірі әкімдік ғимаратын сату туралы ешқандай ақпарат жария етілмегені және қала тұрғындары үшін бұл тосын жағдай болғаны туралы ақпарат таратты. Әкімдіктің қызметкерлері облыс әкімдігінің ескі ғимаратына көшіп, әкімдік ғимараты сатылмас бұрын жалпы құны 257 млн теңгеге жөндеу жұмыстарына өткен. Ал қала әкімшілігі журналистерге әкімдіктің бұрынғы ғимаратын сатып, онда қонақ үй ашуға арналған бұл жоба «қала туристері мен қонақтарына жайлы жағдай жасау үшін» жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді. Ауданы 2,5 мың шаршы метрден асатын 4 қабатты ғимаратты Көкшетау қаласының 74 жастағы зейнеткері 313 млн теңгеге сатып алған екен.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

Келесі

Қазақстан жоғары лауазымды тұлғалардың ақшасын тексеретін заң қабылдағалы жатыр

Ұсынамыз Пост

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

Батыс ұсыныстары болашақта қазақстандықтарды сауатсыз етеді
Саясат

2 жасар баласын өлтіріп, тоңазытқышта ұстаған әйелге сот қаулы шығарды

12/05/2021 12:28

Алматы облысында 2 жастағы баласын өлтіріп тоңазытқышта ұстаған әйел мәжбүрлі емделуге жіберілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық соты таратқан мәліметке қарағанда, әйел адам шизофрения ауруына шалдыққан. Сол себепті оған қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. Енді 27 жастағы...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.