Түркіменстан министрлер кабинетінің отырысында премьер-Министрдің орынбасары Дәдебай Амангелдиев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке Түркменбаши-Гарабогаз-Қазақстан автожолын және Қарабогаз шығанағы арқылы өтетін жаңа көпір салу жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды ” Бүгінгі Түркіменстан “.
Қазақстан шекарасына халықаралық теңіз порты орналасқан Түркменбашы қаласынан ені 22,5 м және ұзындығы 225 км болатын екі жақты жол салынады. Сондай-ақ, инфрақұрылымдық объектілер де салынады.
Ұзындығы 354 м және ені 21 м болатын Қарабогазгөл (Қара-Боғаз-Гол) бойында көпір салу жоспарлануда.
Жол мен көпір құрылысы тауар айналымын, жүк пен жолаушылар ағынының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бердімұхамедов трассаның жобасын аяқтауды, техникалық және экологиялық сараптаманы қамтамасыз етуді және жақын салалармен бірге жол құрылысы бойынша мамандандырылған құрылым құруды тапсырды.
Түркменбашыдан Қазақстанның Маңғыстау облысына жол салу жоспары өткен жылдың сәуір айында жарияланды.
Сурет: sergeydolya.livejournal.com