Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Түркі интеграциясы Одақ ішінде жанжалдар тудырып, басқа серіктестермен қарым-қатынасты шиеленістіреді

5 года назад
Тюркская интеграция приведет к внутрисоюзным конфликтам и обострит отношения с другими партнерами

Түркия Түркі кеңесін өз қаруы ретінде пайдаланып, Орталық Азияда ықпалын арттыруда. Осы мақсатта 31наурызда Түркістанда саммит өтті. Отырыс аясында мемлекет басшылары елдерді одан әрі жақындастыруға бағытталған жобаларды талқылады, бірақ олардың арқасында аймақта Ресей және Түрік мүдделері соқтығысуы мүмкін. Онлайн-кездесуге еліміздің, Түркияның, Әзербайжанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның көшбасшылары қатысты. Сондай-ақ, оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Венгрия министрлер кабинетінің басшысы қатысты.

Отырыс барысында тараптар «Әзірбайжан аумақтарын әскери оккупациядан босатуды» құптап, бірнеше маңызды саяси мәлімдемелер жасады. Сонымен қатар, олар Түркі кеңесінің «Түркі мемлекеттерінің одағы» деп қайта аталуын мақұлдады. Бұл бастаманы бұған дейін Тұңғыш Президентіміз бірнеше рет көтерген болатын. Келесі саммитке тараптар атаудың соңғы нұсқасын бекітеді деп жоспарлануда. Бұл процесті Тоқаев пен Мирзиеев белсенді қолдады.Тоқаев түркілік өркениетті жаңғыртуға кірісу керектігін айтты. Ал Өзбек Президенті Түркі кеңесінің тарихында жаңа кезең басталатынын және түркі мемлекеттері бірлесіп кез келген сынақтар мен қауіп-қатерлерден өтуге дайын екенін мәлімдеді.

Айтпақшы, 90-шы жылдары Фетхуллах Гүлен өз елшілерін бұрынғы Кеңес елдеріне және Ресей Федерациясының құрамындағы автономияларға жібергенде бұл орын алған. Сол жылдары уағыздаушы және бүгінгі Ердоғанның басты жауы Гүлен түрік жастары Азияда тұратын түркі халықтарына тәлім беруі керектігін мәлімдеді. Кейін Орталық Азияда, Татарстанда, Башқұртстанда және Бурятияда көптеген түрік лицейлері пайда болды, онда олар түрік тілін жақсы оқытып, Ресейге қарсы идеяларды белсенді таратты. Кейінірек бұл оқу орындары жабылды.

Саммит барысында экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері көтерілді, оның бірі — Түркі инвестициялар және интеграция қорын құру. Экономикалық дамуды талқылай отыра, Қазақстан Президенті Түркістанда түркі мемлекеттерінің бірлескен арнайы экономикалық аймағын құру туралы бастама көтерді. Тоқаевтың айтуынша, коронавирус салдарынан айтарлықтай зардап шеккен елдер арасында тауар айналымы ұлғаюы керек. Шавкат Мирзиев, өз кезегінде, Каспий теңізі арқылы, яғни Ресейді айналып өтіп, Пәкістан мен Түркияға өтетін транзиттік жолдарға сүйеніп, негізгі сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ету қажет деді.

Сонымен қатар, тараптар мәдени жобаларды да талқылады. Біздің Президентіміз ортақ мәдени-ағарту кеңістігін құру қажеттігін және бұл идеяны «Ұлы түріктер» білім беру қорын құру арқылы іске асыруға болатынын мәлімдеді. Ә. Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан кириллицадан латын әліпбиіне көшетіндіктен, жас қазақтарға жақында ортақ түркі мұрасына қосылу оңай болады. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, қазақ тілін латындандыру дұрыс жол емес, ол Қазақстанды посткеңестік әлеуметтік-мәдени және бірыңғай ақпараттық кеңістіктен ажыратуға бағытталған. Шынында, оны енгізудің нәтижесінде ұрпақтар арасындағы ынтымақтастық бұзылады, өйткені кеңестік кезеңдегі барлық ғылыми және көркем әдебиеттер кириллицада қалады, ал жастар оны түсінбейтін болады. Сондай-ақ, латын графикасын енгізу білім беру жүйесінің құлдырауын жеделдетеді және өскелең ұрпақтың сауаттылығын барынша төмендетеді, ал бұл қазақ ұлтына соққы, себебі республика барлық бағыттарда артта қалады.

Бұған дейін, Түркі кеңесі құрылғанда, оның негізгі мақсаты көпжақты өзара іс-қимылды дамыту болды, ал саяси мәселелер бірлестікте қаралған жоқ. Алайда, екі жыл бұрын түрік басшысы «алты мемлекетте бір ұлтты» көргісі келетінін ашық айта бастады, алтыншы мемлекет дегені Түркіменстан. Яғни, біртұтас ұлт туралы мәлімдей отырып, ол одақты саналы түрде саясаттандырды.

Түркі мемлекеттерінің жаңа ұйымының құрылуы Орталық Азия ішінде де, көршілермен қарым-қатынаста бірқатар қарама-қайшылықтарға әкелетіні анық. Өйткені, жүктерді, мұнай мен газды оңтүстік бағытта Пәкістан мен Үндістанға, сондай-ақ Каспий арқылы Закавказье, Түркия және ЕО-ға тасымалдау үшін жарияланған жолдары Ресей мен Қытайдың аймақтағы ықпалын әлсіретуге бағытталған. Тиісінше, Түркия арқылы америкалық және еуропалық капитал айқындамасы күшейе түседі, бұл тек жетекші әлемдік державалардың Орталық Азиядағы бәсекелестігін шиеленістіріп, ықтимал қақтығыстарға әкеледі. Жаңа ұйым шеңберінде экономикалық бірлестік құру әрекеті ЕАЭО ішінде бірқатар проблемалар туғызуы мүмкін, Ресей және Қытаймен қарым-қатынасты шиеленістіруі мүмкін, сондай-ақ кеден саясатын қайта қарауға, банк саласындағы өзгерістерге алып келеді, ал ол үшін, қазір мүлде жоқ, орасан қаражат керек. Қазақстанға, қолдағы жүйені бұзудан гөрі, ЕАЭО-да толық құқылы мүше ретінде одан әрі ілгерлеу оңай емес пе?

Тұрар Кәрімов, саяси шолушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмекке өтінімдерді қабылдау басталды

Келесі

Қазақстанда ғылыми диссертацияларды қорғау онлайн өткізіледі

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.