Жақында Алматыда “Алматы Су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерінің ереуілі өтті. Наразы жұмысшылар жалақылары төмен екенін айтып, оны көтеруді талап етті, деп хабарлайды socialismkz.info ақпарат ресурсы.
Наразылық акциясы кезінде “Алматы Су” жұмысшылары тікелей басшылық айыппұлдар мен жұмыстан босатудың қатаң режимін белгілегенін айтты. Алайда, басшылық белгіленген жұмыс уақытынан көп жұмыс істемейді де, жалақыны көтеруге асықпайды.
Осыған байланысты, су арнасының жұмысшыларына жалақы мөлшерін ұлғайту үшін ереуіл ұйымдастырудан басқа амал қалмады.
Қазақстан кәсіподақ федерациясының құрамына кіретін “Алматы Су” ресми кәсіподағы туындаған дауды шешуге ықпал етуге тырыспайды да.
Қызметкерлері ереуілге шыққан коммуналдық кәсіпорынның құрылтайшысы оңтүстік астананың әкімдігі болып табылатыны белгілі.
Сурет: socialism.info