Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әйелге Түркістан облысының Түлкібас ауданында үй сыйлады. Жергілікті мектеп түлектері игі іс жасады, деп хабарлайды Today.kz тілшісі “ҚазАқпарат” ҒЗА-ға сілтеме жасай отырып.
Назира декреттік демалыста. Бұрын ол Мичурин совхозында жұмыс істеп, Таусағыз кентінде пәтер жалдап тұрған.
“1999 жылдың түлектері мектеп бітірулеріне байланысты мерейтойын игі іспен атап өтуге шешім қабылдады. Олар “Алтын ұям” республикалық жобасын қолдап, көп балалы анаға төрт бөлмелі үй сыйлады”, – деп хабарлады Түркістан облысының әкімдігі.