Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қайта қарау үшін заң шығарушыларға қайтарылды

5 года назад
Закон о противодействии коррупции возвращён на доработку законодателям

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады, деп «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі хабарлайды.

Заң жобасы ҚР Үкіметінің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді. Бұл заң жобасын Сенат биылғы 25 маусымда бірінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыдан мақұлдады.

«Заң жобасының негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізу болып табылады, атап айтқанда: мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады; сыбайлас жемқорлық субъектілеріне дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды адамдарды, сондай — ақ квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын адамдарды жатқызу ұсынылады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдауға тыйым салу енгізіледі», — деп Сенат депутаты Андрей Лукин атап өтті.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын енгізу көзделеді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құруға байланысты түзетулер ұсынылады. Заң жобасында 4 кодекс пен 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Андрей Лукин атап өткендей, заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады.

«Мәселен, Қылмыстық кодекстің 412-1-бабына (қылмысты арандату) өзгерістер енгізу ұсынылады, оған сәйкес қылмысты арандату деп жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері түсініледі. Бұдан басқа, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабы 2-1-бөлігінің талаптарына сәйкес кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады. Осыған байланысты кодекске енгізілген түзетулерді заң жобасынан алып тастау қажет», — деп депутат атап өтті.

Заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен тиісті жұмыс тобы өткізіліп, онда жоғарыда көрсетілген түзетулер талқыланды.

Сенаторлар заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

«Баяндалғанды ескере отырып, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29 — бабының 1), 7) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Сенат отырысының қарауына енгізеді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 5-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына өзгерістер жіберуді ұсынады», — деп сенатор мәлімдеді.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Сарапшылар: басқа партиялар шұғыл түрде белсенді болуы керек, әйтпесе олар жоғалады

Келесі

Ресей Қазақстан азаматтарының елге кіруін жеңілдетті

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.