Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Алик Шпекбаев елімізде электрондық ұлттық валюта құру жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ақпарат ресурсы.
Отырысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы біздің республикамызда электрондық ұлттық валюта құруды қолға алу керек деп мәлімдеді, себебі бұл, оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда электрондық валютаның арқасында мемлекеттік сатып алуға бөлінетін бюджет қаражаты қозғалысының толық ашықтығы қамтамасыз етілетіндігін айтты.
Біздің елімізде электрондық ұлттық валютаны құру мәселесі көтерілген. Биылғы жылдың мамыр айында мемлекет басшысының кеңесшісі Бағдат Мусин теңгеге ұқсас биткоиндерді цифрлауды ұсынған.
Мусин егер біздің ұлттық валюта биткоинге ұқсас цифрланса, онда ақша қозғалысын жылдам жазу технологиясы арқасында, онлайн режимінде жобаны іске асыруға бөлінген қаражатты пайдалануды қадағалауға болатынын, ол өз кезегінде елдегі сыбайлас жемқорлықты толығымен жеңуге мүмкіндік беретін айтқан.
Қазақстанда электрондық ұлттық валютаны құру мерзімі жөнінде қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы Олжас Төлеуов өз ойын білдірді. Оның пікірінше, мұндай механизмді толық құру үшін кем дегенде бес жыл қажет.
Сурет: profit.kz