ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ХАА тілшісі.
“Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін заңды тұлғаның құрылтайшысынан пара алды деген күдікке ілінді”, — деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Пара алушы мен пара беруші сот санкциясымен қамауға алынғаны атап өтілді.
“Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қатысты жариялауға жатпайды”, – деді Данияр Биғайдаров.
Сурет: inform.kz