Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы дәрі-дәрмектердің бар болуына және оларға орнатылған бағаға мониторинг жүргізумен айналысады. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мониторингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров, мәжілісмен Ирина Смирнова, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, арнайы мониторинг тобы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары жүргізеді.
Мониторинг нәтижелеріне сәйкес, Алматы дәріханаларында көптеген вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы байқалады. Алайда, дәріханалар өкілдері жақын арада берілген өтінімдерге сәйкес барлық қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу болатынын мәлімдеді.
Бүгінгі күні дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ тірі кезектің жиналуына жол берілмейді.
“Барлық дәріханаларда баға белгіленген шекті бағадан аспайды, сондай – ақ бет перде мен қолғаптар бар”, – деп Нығмеджан Сапаров атап өтті.