Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Түркістан аймағында “Ордабасы аудандық ветеринария бөлімі” ММ басшысы пара алғаны үшін сотталғанын айтты.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті “Ордабасы аудандық ветеринария бөлімі” ММ басшысы Е. Оспановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Ол жануарлардың изоотиялық ауруларының алдын алу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін Т200 мың сомасында пара алды және орындаған жұмыстары үшін ақшалай қаражат аударылды. 9 шілде күні Ордабасы аудандық сотының үкімімен Оспановқа 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды” – – деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берді.
Басшыға айыппұл төлеу мерзімі белгіленді. Міндеттемелер орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылғанын айтты.