Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің әрбір қызметкеріне арнайы парасаттылық картасы беріледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік басшысы Алик Шпекбаев мұндай шаралар Қазақстан азаматтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке деген сенімін арттыру үшін қажет деп мәлімдеді.
Агенттіктің барлық қызметкерлері үшін парасаттылықтың дербес картасын енгізу жоспарлануда. Онда қызметкерлердің теріс және оң жұмыс сәттері байқалатын болады. Содан кейін арнайы рейтинг жасалады, оның көрсеткіштері қызметкердің мансаптық саты бойынша көтерілуі кезінде ескеріледі.
“Әділдік біздің ашық және әділ қоғам құруға кедергі келтіретін барлық нәрседен батыл бас тартуды көздейді”, – деп атап өтті Алик Шпекбаев агенттік алқасының бірінші отырысында.
Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты міндеті жұмыс ортасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып табылатынын атап өтті.
Сурет: dalanews.kz