Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы судьясы сотталып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін хабарлайды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
“Ж. Төленов алдау және сенімге қиянат жасау арқылы авариялық-құтқару қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс қорытындысын жою туралы шешім қабылдағаны үшін өз құзыретіне кірмейтін мемлекеттік кәсіпорын басшысының 2,8 млн теңге ақшасын алды” – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер бұрынғы судья мемлекеттік қызмет атқару және құқық қорғау органдарында еңбек қызметін жүргізу құқығынан айырылғанын айтты.
Сурет: alimentypro.ru