Алматы облысының Сүмбе өзеніндегі бірлескен су тарту құрылысын қайта жаңартумен Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы айналысты.
Құрылыс екі елдің ортақ меншігі болып саналады және екі тараптың да өзен ресурстарын пайдалануға құқығы бар. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Су тарту нысанын қайта құру Қазақстан мен Қытай арасындағы 2017 жылы қол қойылған Келісім аясында жүргізілді.
Жеке халықаралық шартта құрылыстар мен өзен ресурстарын басқару және пайдалану мәселелері жазылған.
Қайта құру жобасын қаржыландыру тепе-тең негізде жүргізілді.
Айта кету керек, гидротехникалық құрылысты басқаруды екі мемлекет жүзеге асырады, бұл Сүмбе өзенінің су өзен ресурстарын 50-ге тең үлеспен пайдалануға мүмкіндік береді.
Қайта құру жобасы Қытай су тарту шлюзінің шегін және негізгі су тастау шегін 30 сантиметрге көтеруді, дөңес су бөлу қабырғасын толық қалпына келтіруді көздеді.
Сондай-ақ қазақстандық су тарту шлюзін Қытай су тарту шлюзінің көлеміне дейін кеңейту көзделді.
Сурет: stavropolskiy.com